«Ақылды навигаторлар»: Екібастұзда зиянды заттардың шығарылуын бақылайтын жүйе орнатылды

«Ақылды навигаторлар»: Екібастұзда зиянды заттардың шығарылуын бақылайтын жүйе орнатылды
Фото: автор

Бұл – Экологиялық кодекстің талабы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Павлодар облысы бойынша экология департаменті Екібастұз МАЭС-2 станциясында Павлодар облысы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерді анықтау бойынша кезекті рейд жүргізді. 

Аталмыш іс-шара Павлодар облысының кәсіпорындарына барып, мониторингтің автоматтандырылған жүйелерімен жұртшылықты, тұрғындарды, БАҚ өкілдерін хабардар етуге, жаңа технологиялармен таныстыруға, инновацияларға ынталандыру жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған. 

– Бүгінгі күні экологиялық заңнамаға сәйкес 184-бабының екінші тармағы бойынша бірінші санаттағы оператор объектілері автоматтандырылған бақылау жүйесін орнатуы тиіс. Павлодар облысындағы негізгі стационарлық құрылғысындағы ең алғашқы автоматтық жүйе екібастұздық МАЭС-2 станциясында орнатылды, – дейді «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Дәурен Әбілдинов. 

Оның айтуынша, әрбір 20 минут сайын күл-қоқыс шығарындыларының орта есебінің ақпараттық арнасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына жіберіліп отырады.  

Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі эмиссиялардың негізгі тұрақты көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар көрсеткіштерін қадағалауға арналған. Құрылғы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес нақты уақыт режимінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректердің берілуін қадағалайды. 

– Жүйе ортақ қол жетімділікті, қалай жұмыс істейтінін, яғни кәсіпорынның экологиялық көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндік береді. Ақпарат онлайн режимінде ұсынылады. Болашақта қажет болған жағдайда жұмыс режимін түзетуге де септігін тигізеді, – дейді спикер.

Автоматтандырылған жүйенің басты ерекшелігі – кез келген адам станцияның экологиялық стандарттарына арнайы базада қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, МАЖ келесідей міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді: стандартты өлшеу әдістемелеріне сәйкес автоматты режимде тәулік бойы жұмыс істеу, сенімділік және пайдаланудың қарапайымдылығы, сынама алу нүктесіндегі ластаушы заттардың шоғырлануын, уытты газдардың шоғырлануын, шығынын, температурасы мен қысымын онлайн режимінде жедел бақылау, эмиссиялар нормативтерінің сақталуын бақылау, ластаушы заттардың мөлшері мен құрамын нормативтермен салыстыру, экологиялық жағдай болжамын қалыптастыру, МАЖ жабдықтарын диагностикалау, кіріс ақпаратын жинау және бастапқы өңдеу, өлшемдер мен болжамдардың деректерін сақтау және беру, эмиссиялар бойынша кәсіпорынның есептілігін қалыптастыру, экологиялық ахуалдың болжамын қалыптастыру.

Бүгінде Екібастұз МАЭС-2 станциясы тек көмірмен қызмет көрсетеді. Сондықтан басшылық ластаушы заттардың мөлшерін азайтуға мүдделі.