Ақсу қаласындағы жаңа қазандықты жазда қосу жоспарлануда
Оның құрылысы 2017 жылы басталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов қазандық құрылыс талаптарына сай дайын, бірақ технологиялық жағынан кейбір мәселелер бар екенін атап өтті.
– Қазандық бойынша жол картасы бекітілген, оған сәйкес тоғыз айдан аз уақыттан кейін, тамыз айында іске қосу жоспарланған, – деді әкім.
Оған дейін жабдықтар қайта бапталады, соның ішінде газ тазалау жүйесі мен құм қалдықтарын шығару жүйесі жаңартылатын болады. Барлық жұмыстарды мердігер компания өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Айта кетейік, жаңа қазандық 2019 жылы іске қосылуы керек болған, бірақ жобалау кезінде кеткен қателіктерге байланысты бұл жоспар кейінге қалдырылған.
Бұған дейін әкім облыстағы Затон шағынауданын дамыту жоспары мен өңірдегі көші-қон туралы жайлы айтып өтті.