Ақсу өңірінде санитарлық тазалау айлығы жарияланды

Ақсу өңірінде санитарлық тазалау айлығы жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық тұрғындарды «Таза жұма» акциясына және сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №575/7 қаулыға сәйкес, 19 қыркүйектен 19 қазанға дейін өңір аумағында тазалық айлығы өткізіледі.

Айлық аясында бес сенбілік ұйымдастырылып, әр апта сайын «Таза жұма» акциясы өтеді. Іс-шаралардың сапалы жүзеге асуы үшін кәсіпорындар, ұйымдар, коммуналдық қызметтер мен аумақтық мекемелерге қала мен ауылдық елді мекендердің аумақтары бекітілді.