Ақсу-1 теміржол станциясында өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған қайта жаңарту аяқталды
Жүргізілген жұмыстардың арқасында станция бұрынғы 11 жұп орнына тәулігіне 15 жұп пойызға қызмет көрсете алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қабылдау-жөнелту жолдарының сыйымдылығы 23-тен 71 вагонға дейін артады. Жоба шеңберінде 7 қабылдау-жөнелту жолын ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілді, 2 қосымша жол салынды, 4 жол жаңғыртылды, 5,7 км рельс-шпал торлары төселді және 25 бағыттамалы бұрма орнатылды. Сондай-ақ, 3 шақырымнан астам көлемде қолданыстағы байланыс желісін қайта жаңарту және жаңа байланыс желісін салу бойынша жұмыстар орындалды, 9 шақырым сигнал беру кабелі төселді, сонымен қатар СОБ және байланыс жабдықтары монтаждалды, орталықтандыру бекетінде станцияны басқару табло-пульті орнатылды.
Бұдан басқа, темір жол станциясын кесіп өтетін жылумен және сумен жабдықтаудың қалалық магистральдық құбырларын қайта құрылымдау жүргізілді.
Жобаны «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдік желі дирекциясы» «ТрансКом» ЖШС-мен бірлесіп іске асырды.