Ақсу мен Павлодар тілшілері спорттық сайыстан жарысқа түсті
Бір күнге қаламы жүйрік журналистер спортшы рөлін байқап көрді, деп хабарлайды @Pavlodanews.kz.
Ақсуда «Новый путь» газетінің 85 жылдығына орай облыстық БАҚ арасында спартакиада өтті. Мерейтойға «Ertis media» холдингінің және «Дома печати» типографиясының қызметкерлері қатысты.
Қалалық ақпараттық орталықтың басшысы Зада Хайыргелдиннің айтуынша, сайыс өткен жылдың желтоқсан айында өткізілуі тиіс болған, алайда ауа райының қолайсыздығынан спорттық іс-шара кейінге қалдырылды.
– Жарысқа спорттың түрін таңдаған кезде әріптестеріміздің жұмысын ескердік. Біз кәсіби спортқа жақын болмағандықтан, физикалық дайындықты аса талап етпейтін спорт түрлерін қостық– теннис, дартс, волейбол, шахмат, көңілді старттар,– деді спикер.
Үстел теннис пен дартста командалар өзара бақ сынаса, шахматшылардың жанында жанкүйерлерге толы тілшілер жиналған болатын.
– Ойында Карповтың тактикалық шабуылын қолдандым– бір сарбазды патшайым қылып, соңында қарсыласты басу әдісі,– деп бөлісті «Ertis media» шахматисі Ернар Ибраев.– Сондай-ақ, Михаил Тальдің әдісін де қолдандым – фигуралардың басым бөлігін құрбан ету арқылы мат қою.
Тағы бір шахматшы Құралай Шаяхметованың сөзінше, партия кезінде қарсыластың патшасына жетіп, соққы беру мақсатында жеңіске тез жетуге болады.
Ал ең тартысты ойын алаңдары көңілді старттар мен волейболда байқалды. Ақсу командасын жеңіп шыққан «Ertis media» спортшылары бірінші орынға таласта «Дом печати» командасынан бір ұпайға ұтылып қалды. Ойын 15:14 есебімен аяқталды.
Спартакиада қорытындысы бойынша «Ertis media» шахмат ойындарынан алтын, волейболдан күміс, басқа спорт түрлерінен қола медальдарін жеңіп, жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Журналистерге жеңіс кубогы мен 50 мың теңгеге ақшалай сертификат табысталды.
Фото: Константин Шелков