Ақсу тұрғыны ерекше иісі бар өсімдік есірткімен ұсталды

Ақсу тұрғыны ерекше иісі бар өсімдік есірткімен ұсталды
Фото: Константин Шелков

Тәркіленгеннің жалпы салмағы үш килограмнан асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, пәтер бөлмелерінің бірінде тінту шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ерекше иісі бар өсімдік бұталары бар ыдыстарды тәркіледі. 

Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.