Ақсуда баланы зорлаған адам Ресейден экстрадицияланды

Ақсуда баланы зорлаған адам Ресейден экстрадицияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған тұлға 2008 жылы қылмыс жасаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстанның Бас прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы алдын ала сөз байласу арқылы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Аталған тұлға 2008 жылы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлаған. Осыдан кейін күдікті зорлау үшін жауаптылықтан қорқып, таныстарымен бір топ адам болып әрекет еткен, кәмелетке толмаған баланы күштеп көлікке отырғызып, ауылдық аймаққа алып кеткен, – деп жазылған хабарламада.

Жол бойында бұрын адам өлтіргені үшін сотталған сыбайластардың бірі жәбірленушінің мойнын ұстап, оны тұншықтырып өлтірген. Адам өлтіруді жасыру үшін қаскүнемдер кәмелетке толмаған баланың денесін далаға көмген.

Кәмелетке толмаған баланы зорлап, оны өлтіруді ұйымдастырған, қашып үлгерген және 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған сотталушыны қоспағанда, адам өлтіруге қатысы бар тұлғалар әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.

Өткен жылғы қыркүйекте ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.