Ақсуда дауылдан зардап шеккен үйлер жөнделуде

Үш көпқабатты үй қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шәріпов Строительная көшесі, 42а, 8 Марта көшесі, 4, Строительная көшесі, 26 үйлеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Мердігер ұйымдар анықталып, қазіргі таңда демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті құрылыс материалдары сатып алынды, жақын арада жеткізіледі.
– Біріншіден, зақымданған жерлерді жөндеп, барлығын сапалы және уақытылы жасаңыздар, – деп тапсырды әкім.
Строительная көшесі, 42а мекенжайындағы үй бойынша жұмыстар екі аптаға созылатын болды. Ал 8 Марта көшесі, 4 үйді ертерек – үш күннен кейін тапсырылады.