Ақсуда есірткіге мас күйінде рөлге отырған адам қамауға алынды

Тексеру кезінде жүргізушіде үйлестірудің бұзылуы, орынсыз мінез-құлық, реакцияның тежелуі байқалды, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.
Ақсу қаласындағы «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қамзин көшесіндегі патрульдеу бағыты бойынша полиция қызметкерлері Chevrolet klit маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушіде есірткі мас болу белгілері анықталды.
Жүргізуші медициналық мекемеге куәландырудан өту үшін жеткізілді, онда оның есірткі мас күйінде екендігі расталды.
– Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Ақсу қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.
Автокөлік мамандандырылған тұраққа қамалды. Ал материал сотқа қарау үшін берілді