Ақсуда жаяу жүргінші қаза тапты

Ақсуда жаяу жүргінші қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қазанда Ленин көшесінде ВАЗ-21074 маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші Еңбек ауылына қарай жүріп келе жатып, бұрылыста жолдың сол жағымен келе жатқан 58 жастағы ер адамды қағып кеткен. 

Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жүргізуші апат орнынан қашып кеткен. «Ұстау» жоспары енгізілді. Полицейлер жүргізілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жүргізушіні ұстады. Ол 41 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Полиция тексеру жүргізуде, – деді департаментте. 

Сондай-ақ сол күні Екібастұз қаласында сағат 22.30-да Абай көшесімен келе жатқан «Lada-21144» автокөлігінің жүргізушісі 27 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде кесіп өткен. Салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.