Ақтоғайлықтар қаржылық қиындықтан шығу жолдарын үйренеді

Жобаға қатысу тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
17-20 наурыз аралығында Ақтоғай ауданында «Қарызсыз қоғам 2.0» жобасы бойынша оқу өтеді.
– Егер сізде банктер немесе микро қаржы ұйымдар алдында мерзімі өткен берешек болса, онда сіз осы жобаға қатыса аласыз. Біз сіздің қарыздарыңызды шешуге және қаржылық қиындықтардан шығудың жолдарын табуға тегін көмектесеміз, – деді аудан әкімдігінде.
Қатысу үшін 8 707 107 05 22 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуға болады.