Алаяқтарға көмектескен павлодарлықтарды қандай жаза күтіп тұр?

Алаяқтарға көмектескен павлодарлықтарды қандай жаза күтіп тұр?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жуырда өңірде алаяқтардың айласын іске асыруға көмектесті деген айыппен 10-ға жуық адам ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыс аумағында «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның басты мақсаты — интернет арқылы азаматтарды алдайтындарды анықтап, жолын кесу. Павлодарлық жедел қызметкерлер бүгінде интернет пайдаланушыларына қатысты жасалған 98 алаяқтық бойынша істі тоқтатты.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары әккі қулардың айласын іске асыруға көмектесті деген күдікпен 6 адам қолға түсті. Олар Sim-карталар мен WhatsApp мессенджерлерін тіркеп, кейін қолжетімділікті үшінші тұлғаларға берген. Ал олар бұл аккаунттарды қазақстандықтарға қоңырау шалып, алдау үшін пайдаланған.

Еске сала кетейік, алаяқтарға көмектескендер де жауаптан жалтара алмайды. Олар қылмыскерлерге жағдай жасап бергені үшін айыппұлдан бастап қылмыстың ауырлығына байланысты 5-10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Осы орайда тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын сақ болуға және міндетті түрде егде жастағы туыстарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. 

Егер сіз алаяқтарға тап болсаңыз, бірден 102 нөміріне хабарласыңыз немесе «Police.102» мобильді қосымшасын пайдаланыңыз. Уақытылы берілген ақпарат полицияға қылмыскерлерді анықтауға және жүздеген жаңа алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі.

Өңірде профилактикалық іс-шара 30 сәуірге дейін жалғасады.