Асайын Байханов: Домбыра тек музыкалық аспап емес, ол ұлттың жаны

Асайын Байханов: Домбыра тек музыкалық аспап емес, ол ұлттың жаны
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі өңір жұртшылығын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

–  Баршаңызды халқымыздың болмысын даралайтын, табиғатын танытатын, ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын, деді аймақ басшысы.

Домбыра тек музыкалық аспап емес, ол ұлттың жаны, дауысы мен ұлттық жады. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған.

 Бүгін біз мәдени құндылықтарымыз бен дәстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ұлағаттап жүрген барша жандарды ұлықтаймыз, – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі халқымыздың қасиетті домбырасының төрімізден ешқашан түспеуін тіледі.