Асайын Байханов Екібастұздағы 28 жыл бұрын өзі тұрған үйге барды (ВИДЕО)
Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 29-үйде аймақ басшысы 1995 жылы тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Екібастұз қаласына жұмыс сапарым барысында сонау 1995 жылы өзім тұрған Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 29-үйдің тұрғындарымен кездестім. Сол уақыттан бері мұнда аса көп ештеңе өзгермеген. Бұл мені бір жағынан қуантқанымен, аймақ басшысы ретінде көңіл-күйімді түсірді. Бірнеше үй қоршаған ауланы абаттандыру қажет. Екібастұз қаласының әкімдігіне осы мәселемен айналысуды тапсырдым, - деп жазды Асайын Байханов.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы өзінің ескертуінен кейін бүгін Мәшһүр Жүсіп көшесі, 31 А үйінің жанындағы орамішілік өткелде жасанды жол кедергісі орнатылғанын айтты. Жақын арада шағын ауданда ағаштар кесіліп, стихиялық полигонға айналған ірі көлемді қоқыстар шығарылады. Сондай-ақ, көршілес аумақта қараусыз қалған сақалды құрылыс қолға алынып, меншік иесі аумақты ретке келтіруге міндеттеледі.
- Мен тұрғындардың өтініштері бойынша алдын ала келісілген жұмыс сапарларымның бағыттарынан ауытқу ережесін қолға алдым. Бұл жергілікті мәселелерді шешуге және қалалар мен аудандардың әкімдерінің жұмыс деңгейін бақылауға көмектеседі, - деп қорытындылады жазбасын.
Еске сала кетейік, бүгін аймақ басшысы Асайын Байханов Екібастұздағы жылу желілерін жөндеу барысын тексерді.
Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша кеншілер қаласында 269 ақау анықталды. Оларды жою жұмыстары басталған. Мұнда 25 бригада желілерді жөндеу мен ауыстыруды кезең-кезеңімен орындап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram