Асайын Байханов: Киелі домбыраның қасиетті үні – ұлттық кодымыздың белгісі
Облыс әкімі Асайын Байханов өңір жұртшылығын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
- Баршаңызға Ұлы мұрамызды ұлықтайтын, қазағымыздың табиғаты мен даралығын танытатын – Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Киелі домбыраның қасиетті үні – ұлттық кодымыздың белгісі.
Сондықтан бүгінгі күн біздің бірегейлігіміз бен рухани тұтастығымызды дәріптейтін мерекелердің бірі!, - деді жазды аймақ басшысы Instagram парақшасында.
Облыс әкімі халқымыздың қасиетті домбырасының төрімізден ешқашан түспеуін тіледі.
- Ұлтымызды біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мерекеміз құтты болсын!, - деді Асайын Байханов.