Асайын Байханов кәсіпорындар отырғызатын жасыл желектердің жерсінуін сынға алды

Асайын Байханов кәсіпорындар отырғызатын жасыл желектердің жерсінуін сынға алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аймақ басшысы қала әкімдеріне кәсіпорын басшыларымен шұғыл түрде тікелей кездесу ұйымдастыруды тапсырды , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Достық үйінде» өткен облыстық экологиялық кеңесте жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева өнеркәсіптік аймақтардағы екпелердің жерсіну деңгейі неліктен төмен болғанын түсіндірді.  

– Өсімдіктер қолайсыз жағдайларда өсіп жатыр. Отырғызу материалдары сапасыз таңдалып, оларды отырғызу кезінде агротехника сақталмай келеді. Сондай-ақ, кәсіпорындар тартатын мердігерлер тиісті суарудың және екпелерді күтіп-ұстаумен айналыспайды,– деді ол.  

Асайын Байханов қала құраушы кәсіпорын аймақтарында ағаштардың төмен жерсіну мәселесін алға тартып, оларға қатысты белгілі бір шара қолдану керек екенін айтты. 

– Қанша ағаш отырғызылса да, олар жерсінбейді. Бізге нәтиже керек,– деді аймақ басшысы. 

Басқарма басшысының сөзінше, санитарлық-қорғау аймақтарында көгалдандыру жұмыстарының сапасыз және бақылаусыз жүргізілуде. Өңірде тек бір кәсіпорын –«УПНК-ПВ» ЖШС-де жасыл желектерді тамшылатып суару әдісі енгізілді. Аталған жұмыс МАЭС-1-де пысықталуда. Кәсіпорын механизмді енгізуге дайындалып жатыр. Қалған кәсіпорындар тамшылатып суару әдісі бойынша нарықты зерттеп, қарастыруда.

Асайын Байханов қала әкімдеріне кәсіпорын басшыларымен тікелей кездесіп, аталған технологияны енгізу туралы ұсыныстарды тездетіп қарастырып, нақты жоспар құруды тапсырды. Павлодар, Ақсу, Екібастұз әкімдері сәуір айының соңына дейін эко-кеңестің әр мүшесіне кәсіпорынмен келісілген жоспарды ұсыну керек. Сондай-ақ, облыс әкімі құқық қорғау органдары мен экономикалық тергеу департаментіне жасыл желектерді көгалдандыру бойынша кәсіпорындар мердігерлермен жасаған шарттар, жобалық сметалық құжаттардың барлығын тексеруді тапсырды. 

Айта кетейік, биыл кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында 21 мыңнан астам түрлі ағаштар мен бұталарды отырғызу жоспарлануда. Облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша Екібастұзда 1-МАЭС пен 2-МАЭС кәсіпорындарда отырғызылатын екпелердің көлемі ұлғайтылды.