Асайын Байханов орман өртін ауыздықтауға атсалысқандарға алғысын білдірді
Бір тәуліктен астам уақыт бойы Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында өртті ауыздықтауға 350-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында тілсіз жаумен күрескен барлық маманға, еріктілерге алғыс айтты.
- Тілсіз жауды ауыздықтауға 350-ден астам адам қатысып, 102 бірлік арнайы мамандандырылған техника жұмылдырылды. Көмек көрші аймақтардан келді. Астана, ШҚО, Қарағанды қалаларынан өрт сөндірушілер жедел келіп жетті. Табиғи өртті жоюға қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін. Сіздер өздеріңіздің күнделікті жұмыстарыңызда нағыз патриотизм, кәсібилік, батылдық және ерлік көрсетесіздер. Сіздердің барлық игі істеріңіз өздеріңізге және жақындарыңызға жақсылық боп қайтсын, - деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, 16 шілде күні сағат 14:14 жағдай бойынша өрт оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстары толықтай жойылғанға дейін жалғасатын болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram