Асайын Байханов павлодарлықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Аймақ басшысы өзінің ізгі тілектерімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жеке Instagram парақшасында Наурыз мерекесі адамдардың көптен күткен және сүйікті мейрамы екенін жазды.
– Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз бұл мерекеге ерекше мән берген. Ұлыстың ұлы күні – Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген,– деп атап өтті облыс әкімі.
Ол Павлодар өңірінің барша тұрғындарға мықты денсаулық және игі бастамаларына сәттілік, әр шаңыраққа береке-бірлік, молшылық, ырыс-құт тілеп, жерлестерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.