Ашық терезе: Павлодарлықтарға балалар қауіпсіздігі ескертілді

Ашық терезе: Павлодарлықтарға балалар қауіпсіздігі ескертілді
ЖИ иллюстрациясы

Жыл басынан бері өңірде бірнеше бала ашық терезенің құрбаны болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше,  биыл Павлодар облысында балалардың терезеден құлауына байланысты 4 жағдай тіркелген. Өкінішке қарай, оның 2-еуі өліммен аяқталды.

— Қайғылы жағдайға жол бермеу үшін ата-аналар терезелерге арнайы блокираторлар орнату керек. Әрі балаларды қараусыз қалдырмау, жиһаздарды терезеден алшақ орналастыру және балалардың балконға өздігінен шығуына жол бермеуі маңызды. Сонымен қатар, масаға қарсы тор баланы құлап кетуден қорғамайтынын есте сақтау қажет, - делінген хабарламада.

Төтеншеліктер бір минуттық немқұрайлылық өмірді мәңгіге өзгертуі мүмкін екенін ескертеді. Балаларды қорғау үлкендерің басты міндеті екенін де қайталап еске салады.