Атамекен кентіндегі «антисанитарлық» үйде тұрған жасөспірімнің жағдайы сараланды

Полиция қызметкерлері мектеп өкілдерімен бірлесіп мекенжай бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
TikTok әлеуметтік желісінде Атамекен кентіндегі қауіпсіз, жайлы өмір сүруге арналмаған жер үйде 8 жасар қыз тұратынын көрсететін видео тарады. Бейне авторы бала антисанитария жаулаған, туған әкесімен емес, анасыз тұратынын және медициналық көмекке мұқтаж болғанын айтқан.
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева аталмыш видеоны көрген соң Павлодар қаласының отбасын қолдау орталығының басшылығымен бірлесіп Атамекен кентіне бірден жолға тартты. Ол жерде кент әкімі Мунира Дюсембекованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өтті. Отырыста уәкілетті және құқық қорғау органдарының өкілдері тыңдалды.
– Қыздың бірнеше жыл бірге тұратын екі заңды өкілі – анасы мен әкесі бар екені анықталды. Қыз мектепте оқиды, мейірімді, ашық, қазақ және орыс тілдерін жетік біледі. Отбасымен көрші тұратын ауыл тұрғындары да баланың қамқорлық пен сүйіспеншілікте тәрбиеленіп жатқанын растады. Бейнеде көрсетілген үй – бұл қыздың әкесі сатып алған екінші мүлік. Ол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бала ата-анасымен бірге отырыстан кейін комиссия мүшелері барған және еш шағым тудырмаған басқа тұрақты мекенжайда тұрады, – деп жазды Сәуле Шәкенева.
Сондай-ақ, комиссиядан кейін омбудсмен мен заңды өкілдерінің қатысуымен қызды педиатр тексерді. Педикулез және қышыма табылмады. Осылайша, TikTok- та жарияланған бейнеде айтылған болжамдар расталмады.