Атамекен кентінде жеке тұрғын үйден өрт шықты

Өрт салдарынан үй заттары мен жиһаз зақымданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 08:44-те
Тәуелсіздік көшесінде орналасқан тұрғын үйде 4 шаршы метр алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында апаттар медицина орталығының қызметкерлері жұмыс істеді. Олар екі адамға медициналық көмек көрсетті. Тұрғындарды ауруханаға жатқызу қажет болмады.