Ақпанда Павлодар облысының тұрғындары қандай салық есептілігін тапсыру керек?

Айдың ортасында салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталады, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.
Облыс бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы салық төлеушілерге тоқсандық, жартыжылдық салықтық есептілікті тапсырудың мерзімі жақындап келетінін еске салады.
– 15 ақпанда 2024 жылғы 4 тоқсан мен екінші жартыжылдықтағы салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталады. Биылғы жылдың 15 ақпаны демалыс күніне сәйкес келетіндіктен табыс ету мерзімі 17 ақпанға ауыстырылады, – деді департаментте.
Салық төлеушілер 2024 жылғы 4 тоқсан үшін резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық, қосылған құн салық, экспортқа рента салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, ойын бизнесі салығы, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациялар, ал 2024 жылғы 2 жартыжылдық үшін шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны тапсыру керек.