«Ақсу» ФК жастары жаңа республикалық турнирде сынға түседі
18 жастағы футболшылар QJ League турниріне қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық футбол федерациясының хабарлауынша, лига Қазақстандағы ұлттық маңызы бар жобаға айналады. Турнирге бірнеше жыл бойы еліміздің барлық аймақтарынан жас футболшылар қатысады. Турнирдің бірінші маусымында 18 жасқа дейінгі ойыншылардан құралған 12 команда жүлделі орындарды сарапқа салады.
«Ақсу» футбол клубының директоры Әлихан Лесовтың айтуынша, лигаға қатысу жас ойыншыларды дамытуға мүмкіндік береді.
– Біз қосалқы құрамның жаттықтырушыларын жасөспірімдер құрамасына жібердік. QJ League турниріндегі міндетіміз – үздік үштікке ену. Бірақ, әрине, чемпион болғымыз келеді, УЕФА-ның жастар лигасына шыққымыз келеді. Талантты балаларымыз бен жұлдыздарымыз бар. Мысалы, Қазақстан Премьер-Лигасының ең жас дебютанты Тамерлан Ағиманов бар. Ол Freedom QJ League ойындарына да қатысады, - деді Әлихан Лесов QJ League баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
QJ League ашылуы қазақстандық футболдың даму тарихындағы маңызды кезең болып табылады.
Матчтардың апта сайын өткізілуі ойыншыларға кәсіби футбол талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретін болады.
Павлодардың 18 жасқа дейінгі «Ақсу U18» командасы QJ League турнирі аясындағы бірінші айналымды келесі аптада, 23 сәуірде бастайды. Бастапқы ойынды сырт алаңда «Тараз» ФК тәрбиеленушілеріне қарсы өткізеді.
Фото: ашық дереккөздерден