Ақсу маңындағы жол апатынан жолаушы қаза тапты
Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ақсу қаласына қарасты Ақжол ауылының маңында «Газель» және «КамАЗ» автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Апат салдарынан жолаушылардың бірі қаза тапты.
— Алдын ала мәлімет бойынша, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алда келе жатқан «КамАЗ» көлігімен соқтығысқан. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - делінген Ақсу қалалық полиция басқармасы берген ақпаратта.
Полиция мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, әсіресе, көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде барынша мұқият болуға және көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға шақырады.