Ақсуда алматылық опера солистері концерт қоймақ

Кеште Абай мұрасы мен өнерге деген құрмет тоғысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алғаш рет Ақсу төрінде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері мен Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы әртістерінің қатысуымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған концерт өтеді.
Кеш қонақтары – ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР «Құрмет» орденінің кавалері Болат Қанағатов, ҚР Мәдениет саласының қайраткері Есенгелді Ырза, ҚР Мәдениет саласының үздігі Дархан Жолдыбаев, Халықаралық конкурстар лауреаты, концертмейстер Марина Полуэяткова, республикалық және халықаралық конкурстар лауреаты Даяна Қабиденова.
Сонымен қатар, «Айгөлек» үлгілі би ансамблі, Айдана Дүйсембаева, Меруерт Хасенова, Мағжан Ысқақ, Нұрдос Кеңес сынды әншілер өнер көрсетеді.
Концерт 7 тамызда сағат 18:00-де Ақсу қалалық жағалауында басталады.