19 наурызда Павлодар облысында күн ашық болады

19 наурызда Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сәрсенбіде жауын-шашынсыз болмақ. Сынап бағанасы күндіз  +7...+12 °C-ты көрсетеді.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз +8...+10 °C-қа дейін жылынады.