Павлодарлық тұтынушылар өз істерін сотта жылдам дәлелдей алады
Тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Маусым айында Үкімет «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасын мақұлдап, Мәжілістің қарауына жібергер болатын.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев павлодарлықтар қандай өзгерістерді қолдана алатынын айтты.
– Заңдағы маңызды өзгерістердің қатарында тұтынушылар құқығын қорғаудың екі сатылы алгоритміне көшті. Мұнда бұрын тұрғындар сотқа жүгінгенге дейін төрт кезеңнен яғни кәсіпкер, медиатор, мемлекеттік мекемеден өтуі керек болса, енді заң жобасында бұл процедураны жеңілдету ұсынылып отыр. Тұтынушы кәсіпкерге хабарласуға міндетті, ал оның талаптары еленбесе, медиатор, мемлекеттік мекеме немесе сот арасында өз қорғауын жүзеге асыру жолын таңдайды, – деді Дәулен Қабдушев.
Жыл басынан бері департаментте облыс тұрғындарының 430 өтініші қаралған. Оның 285-і бөлшек сауда мәселелері бойынша қабылданған. Біреу сапасыз өнім алса, енді біреуі қайтарудан, айырбастаудан бас тартады.