Ақтоғай ауданында терроризмге қарсы жұмыс қорытындыланды
Жиын аудан әкімі Қаршыға Арыновтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Терроризмге қарсы комиссияның отырысы аудан орталығында ұйымдастырылды. Жиын барысында қатысушылар өткен кезеңде террористік қауіптердің алдын алу және олармен күрес бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар түрлі ведомстволардың бірлескен іс-қимылдарының тиімділігі қаралып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері бағаланды.
Кеңесте халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыру, жастар арасында экстремистік көзқарастардың алдын алу және қауіп-қатері жоғары нысандардың қауіпсіздігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысында терроризмге қарсы комиссияның алдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктелді.