Ақтоғай ауданында жаңа мешіт ашылды

Ақтоғай ауданында жаңа мешіт ашылды
Фото: Есенжол Исабек

Бұл – өңіріміздегі 105-ші мешіт, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақтоғай ауданының 85 жылдық мерейтойымен қатар Өтес ауылы мешітінің ашылу салтанаты өтті. Ғибадат үйін салуға ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен.

Мешіттің ашылу салтанатына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов пен Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов қатысты. 

 Құлшылық ететін орынды салуға шамамен 14 миллион теңге қаражат жұмсалып, бір жыл уақыттың ішінде тұрғызылған. 

             Бұл – мешіт ауданымыздағы сегізінші мешіт. Ал облыс бойынша 105-ші мешіт. Жалпы ауданы 82 шаршы метрді құрайды, – дейді Ақтоғай ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дархан Рамазанов.

Жаңа мешітке имам болып Байсейітов Қуаныш Рахметоллаұлы тағайындалды. Ол осы Өтес ауылының тумасы. Шара соңында аудан әкімі сыйға тартқан ағаш көшеттері отырғызылды. Айта кету керек, Өтес ауылында – 205 тұрғын бар.