«Біртүрлі қарым-қатынас»: павлодарлық музыкант шабыт көзімен бөлісті

«Біртүрлі қарым-қатынас»: павлодарлық музыкант шабыт көзімен бөлісті
Фото: Instagram @doseplease

Музыкант жаңа альбомын жарыққа шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Dose деген лақап атпен танымал Айдос Жұмалинов «Яндекс. Музыка» порталына «Тет-а-тет» жаңа альбомының тұжырымдамасы туралы әңгімелеп берді. Павлодарлық музыканттың айтуынша, әуелде әндер жеке-жеке жазылып, оларды бір жинаққа біріктіру ойында болмаған.

– Мен олардың көпшілігін 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың басына дейін жаздым. Осы кезеңде мен бір қызды кездестірдім, онымен біз біртүрлі қарым-қатынаста болдық. Барлығының тез дамып жатқаны сонша, мен не болып жатқанын түсінуге үлгермедім. Бір жағынан бұл альбом сол кездегі күнделік сияқты. Мен «Так глупо» әнін сол жағдай болып жатқан сәтте жаздым. Есімде жоқ, мен бұл туралы ойламадым, - дейді Dose.

Музыкант тректердің біразын Павлодар мен Алматыда, кейбірін Мәскеуде жазды. Шығармалар афробит, R&B және поп стилінде жазылған. Жинақта тоғыз трек бар, оның үшеуі басқа әртістермен бірге жазылған. Мысалы, «Фейерверк» композициясы тағы бір павлодарлық Скриптонитпен бірге жазылған.

Соңғы айда Dose әндерінің «Яндекс. Музыка» порталындағы тыңдаушылары екі миллионнан асты.