Бүгін Павлодар облысында 30-дан астам өрт тіркелді

Бүгін Павлодар облысында 30-дан астам өрт тіркелді

Павлодарлық өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс аумағында бүгін яғни 14 шілде күні таңғы 8:00-ден бастап 30-дан астам өрт пен жануға шығу жүзеге асырылды. Оқиға орнына 31 бірлік техника мен 95 жеке құрам жұмылдырылды.


- Қазіргі уақытта Ақтоғай, Баянауыл, Аққулы ауданының, Шарбақты ауданының және Екібастұз ауылдық аймағының аумақтарында тілсіз жаумен күрес жалғасуда,-делінген хабарламада.


ТЖД қызметкерлері барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт болған жағдайда ол туралы шұғыл қызметтің нөмірі бойынша немесе жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне хабарлауды сұрайды.