Баянауыл ауданында ел азаматтығын алған қандас алғыс білдірді

Ол үшін жеңілдетілген тәртіппен қабылдау жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ауданы көші-қон қызмет тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Мейрамгүл Шаймерденова Моңғолия елінің азаматы Салий Тойғабылмен жұмыс істеген.
Құжаттарды қабылдау барысында Тойғабыл мырзаға азаматтықты қабылдау кезінде құқықтары мен міндеттері, қарастырылу мерзімі түсіндірілген.
– Мен Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе, зор сенім. Осы мемлекеттің толыққанды азаматы ретінде Отанымның өркендеуі үшін аянбай еңбек етуге дайынмын. Көші-қон қызметкерлеріне алғысым шексіз!, – деді Салий Тойғабыл.
Қарастырылған құжаттары оң нәтиже беріп, үш айдан кейін Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдады. Имидждік және идеологиялық іс-шараларды насихаттау аясында өтініш иесіне Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары салтанатты түрде табысталды.