Баянауыл ауданында мәдениет үйі мен әкімдік жөнделуде
Жұмыстар жоспарға сәйкес орындалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев Майқайың кенті мен Бірлік ауылында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен арнайы барып танысты.
– Кентте абаттандыру жұмыстары кең көлемде басталды. Атап айтқанда, жеті ауланы абаттандыру жүргізілуде. Одан бөлек, ұзындығы 9,5 шақырым болатын кентішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары да басталды, – дейді Ардақ Кісентаев.
Бірлік ауылында мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдігі ғимаратының төбе жабындысына күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Аудан әкімі мердігерлерге барлық нысандардағы жұмыстың сапалы болуын ескертіп, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан барлық күрделі жөндеу жұмыстары әркез тікелей бақылауында екенін атап өтті.