Баянауыл ауданында өткен көкпардың жеңімпазы анықталды
Ұлттық спорт жарысы екі күнге жалғасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудандық әкімдіктің мәлімдеуінше, турнирге Ұзынбұлақ және Сәтбаев ауылдық округтерінен екі командадан, сондай-ақ Күркелі, Қызылтау, Жаңатілек және Баянауыл ауылдық округтерінен бір командадан бақ сынады.
– Ұзынбұлақ ауылының командасы жеңімпаз атанып, бас жүлде – 120 мың теңгені иеленді. Енді ол команда облыстық жарыста аудан намысын қорғайды. Бұл команданы дайындауға және құрал-жабдықтарына 1,5 миллион теңге бөлінді, - деді әкімдікте.
Екінші орын мен 100 мың теңгені қызылтаулық спортшылар алды. Аудан орталығының командасы үздік үштіке енді. Оларға 80 мың теңге көлеміндегі сыйлық берілді.