Баянауылда экологиялық акция өтеді
Тазалық пен абаттандыру айлығына орай табиғи аумақтар да назардан тыс қалмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша экология департаменті мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бірлесіп, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында «Адамзат табиғатты аяла» атты экологиялық акцияны ұйымдастырады. Шара 29 қыркүйек күні 10:00-де екі жерде өтеді: бірінші топ – Сабындыкөл жағалауы саябағы, ал екінші топ –Жасыбай жағалауы саябағы.
– Акцияның мақсаты – практикалық, табиғатты қорғау және ағарту қызметі арқылы халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, – деді экология департаментінде.
Аталған экологиялық акцияны халық игілігін сақтауға өз үлесін қосқысы келетін барлық тұрғындар қолдай алады.