Баянауылдағы Сабындыкөлде шолу алаңы пайда болады
Тағы жағалауды абаттандыру көзделуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды. Онда аудан әкімі Ардақ Ксентаевпен бірге биыл және келесі жылы іске асырылатын бірқатар ірі жобалардың орналасатын орындарын қараған.
- Солардың бірі - Баянауыл тұрғындары әсіресе, жастар үшін өте маңызды дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы болды. Ол аудан орталығына кіре беріс жерде орналасады. Онда көршілес жерден келетін қонақтарға арналған визит-орталық пайда болады. Мұнда келушілер өлкенің тарихымен, ең қызықты туристік бағыттармен танысып, оларды аралау бойынша қызметтерді ала алатын болады, - деп жазды аймақ басшысы.
Бұдан бөлек, жергілікті биліктің назарынан тыс қалған Сабындыкөлдің жағалауын абаттандыру жұмысын бастауды жоспарлап отырғанын жазды.
- Аудан әкімімен болашақта көл жағасында салынатын шолу алаңының орнын қарап, жағажайды жақсарту перспективаларын зерттеп, тиісті аумақта тәртіп орнату бойынша жұмыстардың ауқымын бағаладық, - деп толықтырды ол.
Аудан басшысының айтуынша, келесі жылы Баянауылдың өзінде орналасқан Даңқ мемориалын жөндеу және ғашықтар саябағын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Мұнда жарық шамдарын орнатуға, ағаш отырғызуға және гүлзарлар салу көзделуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram