Биыл Павлодарда тобылғы, хоста, шатыраш гүлдері егіледі
Ауа райы қолайлы болған жағдайда 1 мамырдан бастап гүлдерді отырғызу жоспарлануда.
Бұл туралы @Pavlodarnews.kz АА жолдаған сауал хатына Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов хабарлады.
2024 жылы шамамен 25 мың шаршы метр аумаққа гүл отырғызу жоспарлануда. Өткен жылы да осы көлемде егілген. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жасыл қорды күту, гүлзарлар, көгалдар орналастыру мақсатында біржылдық, көпжылдық гүлдерді отырғызу, екпелерге күтім жасау, суару, топырақты өңдеу, минералды тыңайтқыштарды енгізу, гүлзарларды салу, жөндеу және күтіп ұстау, контейнерлік көгалдандыруды қамту көзделген.
Гүл отырғызу көшелердің қиылыстарында, скверлерде, қала саябақтарында, сондай-ақ жалпы пайдалану орындарында жүргізіледі. Гүлзарларды безендіру кезінде келесі гүлді сәндік дақылдардың көшеттері қолданылады: тагетис, цинния, цинерария, сальвия, шырайгүл, антирринум, портулак, гибискус, георгин, агава, изолепис, раушан, нүктелі қопсытқыш.
– Сонымен қатар, тобылғы, хоста, шатыраш, флокс отырғызылады. Гүлдердің бұл түрлері алдыңғы жылдары егілмеген. Сонымен қатар, биыл сидерат – (жасыл көң) қолданылады. Бұл – топырақтың құнарлылығын арттыру үшін жыртар алдында топыраққа көк күйінде араластырылатын өсімдіктер. Әдетте, сидераттар гүлдену басталғанға дейін немесе одан кейін көп ұзамай азотқа, ақуыздарға, крахмалға, қанттарға, микроэлементтерге бай жасыл тыңайтқыш ретінде енгізіледі. Өсімдік тамырлары топырақтың механикалық құрылымын жақсартады: тамыр түтікшелері жүйесі құрылады, – дейді Әнуарбек Аманов.
Гүлдерді күтіп ұстап міндеттемесі мердігерлік ұйымға жүктеледі. Биыл Павлодар қаласының екі сквері мен екі саябағында автоматтандырылған суару жүйесін қайта жаңарту жоспарлануда: «Қаз қонақ» ескерткіші, «Конституция» алаңы, жағалау, Мәшһүр Жүсіп мешіті сквері.
– Тамшылатып суару топырақтың оңтайлы ылғалдылығын сақтауға мүмкіндік береді, бұл өсімдіктердің толық тыныс алуын және тамыр жүйесінің дамуын қамтамасыз етеді. Автоматтандырылған суару жүйесі – адамның қатысуынсыз бағдарламада көрсетілген кестеге сәйкес өсімдіктің әр түріне сәйкес келетін жабдықты қолдана отырып жұмыс істейтін жүйе, – дейді қала әкімінің орынбасары.
Аталған жүйенің артықшылықтары: су таситын көліктермен салыстырғанда шығынның аздығы, автоматты суару жүйесі шашыратқыш ретінде қызмет етеді, адами факторды алып тастау, яғни компьютерге демалыс және мереке күндері қажет емес. Ауа райы мен топырақтың ылғалдылығына байланысты суару алгоритмін өзі таңдайды, суаруда су тимеген жерлердің болмауы, суару кезінде ауаны аэрациялау процесі қатар жүреді, ыстық, қапырық ауа райында суару айналасындағы температура бірнеше градусқа төмендейді.
Айта кетерлігі, бүгінгі күні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен автоматтандырылған суару жүйесі «Орталық» скверінде, «Ғашықтар» саябағында жүргізілді.