Екі күнге Павлодар-Астана бағытымен қосымша пойыздар шығады
Жолаушыларды уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тасымалдаушы қосымша тіркеме вагондарды тағайындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
5 және 8 қаңтарда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның үш филиалымен қамтамасыз етілетін 76 қосымша тіркеме вагоны шығады.
5 қаңтарда Павлодарға Астанадан №7510 «Нұр-Сұлтан 1 – Павлодар» электр пойызы сағат 16:45-те шығып, сағат 23:20-да жетеді. 7 қаңтарда Павлодардан №7509 «Павлодар – Нұр-Сұлтан 1» электр пойызы сағат 11:57-де жөнелтіліп, Астанаға сағат 18:49-де келеді.
Қосымша қала маңы пойыздарына билеттер сату ашық. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.