Екібастұзға есірткіге қарсы мобильді орталық келді
«Өнер» орталығында жастардың денсаулық және құқықтық сауаттылығын арттыруға негізделген көшпелі жұмыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оған түрлі саладан сегіз маман қатысты. Жастар арасында ЖИТС және АИТВ белгілерін анықтау үшін тест ұйымдастырылды. Тестілеуге 100-ден астам адам қатысып, өз денсаулықтарына қатысты мәлімет алды.
Сондай-ақ «Мүмкіндіктер алаңы» консультациясы өткізілді, 600-ге жуық адам өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
– «Есірткіге жол жоқ» атты жастармен мотивациялық кездесуде облыстық полиция департаменті, Екібастұз қаласы прокуратурасы және полиция басқармасының өкілдері қатысты. Мамандар жастарды есірткілерден аулақ болуға, өз денсаулықтарына қамқор болуға шақырды, – дейді жастар орталығында.
Шара соңында «Закладка» атты деректі фильм көрсетілді.