Екібастұз қаласының әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Қала тұрғындары аулаларды абаттандыру, асфальт төсемін қалпына келтіру, жол белгілерін орнатуға қатысты сұрақтармен жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала басшысы Аян Бейсекин өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.
– Жеке сектор тұрғындарының бірі коммуналдық қызметтер жүргізген жұмыстардан кейін үйінің алдындағы жолды қалпына келтіру жөніндегі мәселені көтерді. Әріптестерімнің алдына қысқа мерзімде жол төсемін ретке келтіру міндетін қойдым. Бөлім басшылары мен орынбасарларыма жеке қабылдау барысында қойылған барлық мәселелерді қарауды тапсырдым. Олардың орындалуы менің жеке бақылауымда, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Ол жеке қабылдау апта сайын жүргізілетінін еске салып кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram