Екібастұз полицейлері тәулігіне 120-дан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті
Күн сайын Екібастұз қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері тәулік бойы қала мен аймақ көшелерін бақылайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеншілер шаһарында тәртіп сақшылары өткен тәуліктің ішінде 120 түрлі бұзушылықтардың жолын кесті.
– Бес тұрығн көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзып, бір адам көлік құралын мас күйінде жүргізді. Екі адам жаяу жүргіншілерге жол бермеді. Ал төрт жаяу жүргінші рұқсатсыз жерден жолды өткен. 54 тұрғын ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген. Төртеуі абаттандыру ережелері бұзып, екеуі қоғамдық орындарда адамдарға тиіскен. Алты адам ұсақ бұзақылық жасаған. Сегіз тұрғын көршілерінің тыныштығын бұзып, азаматтардың демалуына кедергі келтірді. Сондай-ақ, төрт адам тіркеусіз немесе құжаттарсыз тұрды, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Талғат Шанкотов.
Полиция азаматтардан заң нормаларын сақтауды және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын бұзбауды сұрайды.