Екібастұзда қабырғадағы есірткі жарнамасы жойылды
Кеншілер қаласында есірткі жарнамасын анықтау және бояу бойынша кезекті акция өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жергілікті еріктілер мен жастар қозғалысының белсенділері стрит-арт арқылы есірткіге қарсы күресте көмек көрсетті. Іс-шараға Қ.Пішембаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің волонтерлері, «Антарес» қоғамдық қорының белсенділері және қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.
– Шараға 60 адам тартылды. Бұл идея жергілікті билік пен қала тұрғындарына ұнады. Акция тез танымалдыққа ие болды, – деп атап өтті облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ирина Тимирғалиева.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының Заңында есірткіні таралғаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.