Екібастұзда өртке оранған дүкеннен жиырма адам эвакуацияланды
Өрт сөндірушілер дүкендегі жануды тез арада жойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қараша күні сағат 07:04-те «101» операторының пультіне Әуезов көшесі бойындағы бірінші қабаттағы дүкеннің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
– Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тез арада сөндіруге кірісті, газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен барлау жүргізілді. Дүкеннен 10 адам өз бетінше, ал өрт сөндірушілердің көмегімен 10 азамат эвакуацияланды, – деді департаментте.
40 шаршы метр жалпы алаңды шарпыған өрт сағат 08:25-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Павлодар облысының ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.