Екібастұзда жаңа жылу магистралі үшін учаске дайындалуда
Жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылдың 10 қазанынан 15 қарашасына дейін Торайғыров - Энергетиктер көшелерінің қиылысында ЖМ 7/1 жаңа резервтік жылу магистралін салу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.
– Бұл учаскедегі жұмыс қаланың жылумен жабдықтау жүйелерінің жұмысына әсер етпейді. Осы орайда Торайғыров көшесінен Степная көшесіне дейін Энергетиктер көшесі бойынша жол учаскесі жабылады, – дейді әкімдікте.
Жер жұмыстарын жүргізу кезеңінде №6 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы өзгертілді: оңтүстіктен солтүстікке қарай Энергетиктер көшесімен жүру кезінде маршрут Қостанай көшесіне оңға, одан кейін Королева-Мәметова-Энергетиктер және одан әрі жүру бағыты бойынша бұрылады.
Естеріңізге сала кетейік, ЖМ-7/1 жаңа магистралі қаланың жылумен жабдықтау жүйесін теңестіру үшін қажет. Себебі, бір ауданда жылу шамадан тыс бола, екінші аумақта жылу жетпейді.