Екібастұзда есірткіге қарсы жүгіру акциясы ұйымдастырылды
Аталмыш іс-шараға 200-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараны Екібастұз қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі, Павлодар облысының полиция департаменті мен Екібастұз қаласы прокуратурасының қолдауымен қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырды.
Қала тұрғындары, студенттер, полиция қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, жастар және еріктілер ұйымдарының өкілдері үш шақырым қашықтықты еңсерді. Сондай-ақ акция тақырыптық флешмобпен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, қатысушылар жиын соңында жалпы суретке түсті.
Айта кетейік, акцияға қатысушылардың жақсы көңіл күйін музыкалық сүйемелдеу қолдады.