Екібастұзда мұғалімдер күрделі кәсіби жағдайларды талдайтын орталық ашылды
Педагогтерге әдістемелік қолдаудың жаңа моделі енгізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала мектептерінде педагог-мастерлердің кеңес беру орталықтары жұмысын бастады. Бұл бағыт – оқыту сапасын арттыруға және мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған білім бөлімінің негізгі бастамаларының бірі.
– Кеңес беру орталықтары – бұл тәжірибелі педагог-мастерлер үздік тәжірибелермен, әдістемелермен және инновациялық тәсілдермен бөлісетін алаңдар. Мұнда мұғалімдер нақты ұсыныстар алып, күрделі кәсіби жағдайларды талдап, жаңа оқыту технологияларын меңгеріп, оларды бірден тәжірибеде сынап көре алады. Мұндай жүйе мектептер мен жалпы қаланың ішінде біртұтас әдістемелік кеңістікті қалыптастыруға, педагогикалық сараптаманың дер кезінде әрі тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, – деді білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Динара Куматова.
Кеңес беру орталықтардың жұмысына мысалдардың бірі – № 35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-мастер, педагогика ғылымдарының магистрі және Павлодар облысы бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының төрайымы Наталья Марахова жобаның аясында өткізген шеберлік сабағы болды. Ол № 23 мектеп ұжымы үшін белсенді оқытудың ең тиімді технологияларының бірі саналатын Сингапур әдістемесінің құрылымдары бойынша практикалық оқыту жүргізді.
Мастер-класс барысында педагогтер тәсілдің теориялық негіздерін ғана емес, сонымен бірге интерактивті форматта жұмыс істеп, тапсырмалар орындап, оқу жағдайларын модельдеді. Ерекше назар Сингапур әдістемесінің тәсілдері арқылы әрбір оқушыны оқу процесіне қалай тартуға болатынына, балалардың ойлауын мұғалімге «көрінетін» етуге және сапалы кері байланыс ұйымдастыруға аударылды. Бұл құралдар материалдың қалай меңгерілетінін тереңірек түсінуге көмектесіп, оқытуды жекелендіруге әрі оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
№ 23 мектеп мұғалімдері үшін бұл сабақ жаңа технологиямен танысу ғана емес, кәсіби арсеналды шынайы толықтыру болды. Педагогтер белсенді, динамикалық, дамытушы білім беру ортасын құру үшін әдістемелер алды.
Екібастұздың білім бөлімінде кеңес беру орталықтардың жұмысы кеңейтілетінін атап өтті. Жоспарда – жүйелі мастер- класс, тәлімгерлік, практикалық зертханалар және өңір мектептері арасында тәжірибе алмасу бар. Бұл модельдің ең бастысы – педагогикалық көмектің дер кезінде және нысаналы түрде көрсетілуі, ал кәсіби шеберліктің мұғалімдер қауымдастығының өз ішінде өсуі. Бұл – кәсіби мәдениетті нығайтатын және педагогтер арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа стандартын қалыптастыратын маңызды қадам.