Екібастұздық шебер сауыттан арбаға дейін өндіреді

Екібастұздық шебер сауыттан арбаға дейін өндіреді
Фото: Константин Шелков

Халықтық-қолданбалы өнер шебері металдан түрлі бұйымдар жасайды: қылыш, семсер, палаш, қанжар және пышақ соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Бір ауыл – бір өнім» байқау-көрмесінің үш финалисін «Атамекен» палатасында таңдады. Бренд-комитеттің отырысында он қатысушы үш минут ішінде өз өнімдерін көрсетіп, ол туралы айтып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Комиссия әр кәсіпкерді жеті критерий бойынша бағалады. Қазылар алқасына бал, сүт өнімдері, зергерлік бұйымдар, сөмкелер, ұлттық киімдер мен сауыт-саймандар ұсынылды. Әсіресе, азық-түлік өнімдері болған жағдайда тауардың жергілікті шикізаттан жасалуы және сапа сертификаттарының болуы маңызды болды.

Отырыстың модераторы – бренд-комитет төрағасының орынбасары, «Атамекен» өңірлік палатасы директорының міндетін атқарушы Жомарт Сембаев.

– Сіздердің үздік ондыққа өтуіңіз – бұл үлкен жеңіс. Өнімдеріңізді байқау кезеңінде бүкіл облыс тұрғындары, өңір басшылығы, Жапония мен Қырғызстаннан келген қонақтар көрді, – деп айтты Жомарт Сембаев және үш финалистке сертификаттар, мүсіншелер және гүл шоқтарын табыс етті.

Жүлдегерлердің бірі – «Ханым» ательесінің жетекшісі Айзат Байтенова. Ателье үш жылдан бері қазақтың ұлттық ою-өрнегімен киімдер тігеді, ал қазір киізден сөмке шығаруды жолға қойған. Алдағы уақытта жергілікті фермерлерден жүн сатып алып, өңдеп, өнімді экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

– Біз бал және одан жасалған өнімдер – прополис, перга, бал ұяларын шығарамыз. Биыл ассортиментті жаңа төрт сетпен толықтырдық: өрік, итмұрын, қараөрік және грек жаңғағымен. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Шынымен де, шағын және орта бизнеске нақты қолдау көрсететін «Атамекен» сияқты ұйымның бары қуантады, – деді финалист Гаухар Арынғалина.

Үшінші жеңімпаз – Екібастұздан шыққан Думан Шаймергенов. Ол қазақтың ұлттық жауынгерлік сауыт-саймандарын, сондай-ақ былғарыдан сөмке жасайды. 62 жастағы шебер өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа жұмысшылар жалдауды, рюкзактар, сұйық кристалды теледидарлар орнатылған үлкен интерьерлік роботтар және тіпті ат жегілген арбалар жасауға арналған станоктар сатып алуды көздеп отыр.

Үш жеңімпаздың барлығы Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасынан бес миллион теңгеге дейінгі грант алуға үміткер бола алады. «Атамекен» тарапынан оларға маркетингтік қолдау көрсетіліп, оқыту және көрмелерге қатысуға көмектесу жоспарланған.

Еске сала кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» аймақтық көрмесі шілде айында «Қазақстанның үздік тауары» байқауымен қатар өтті. Оған облыстың аудан және қала өңірлерінен 29 тауар өндіруші қатысты. Сол кезде жұмыс комиссиясы бренд-комитетке он