Екібастұздықтарға 16 сәуірде бетперде тағуға кеңес беріледі

Екібастұздықтарға 16 сәуірде бетперде тағуға кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша сары деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Екібастұзда ауа сапасын 55 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы сары рейтингке қосқан орташа көрсеткіш.

– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден 4,6 есе жоғары, аталған концентрация бір текше метрге 23,2 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.

«IQAir» 16 сәуірде ашық ауада физикалық белсенділікті азайтуды, терезелерді жабық ұстауды, ауа тазартқыштарды пайдалануды және далада бетперде тағуды ұсынады.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, бейсенбі, жұма және сенбі күндері ауа тазарырақ болады.   

Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).