Екібастұздықтар есірткімен күрес күнін спортпен атап өтті
100-ден астам спортшы бірге қадам басты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық полиция департаменті мен қалалық ішкі саясат бөлімі «Екібастұз – есірткіден азат аумақ» атты кең ауқымды жеңіл атлетикалық жүгіріс өткізді.
– Жарқын спорттық шара Халықаралық есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған. Әсіресе, Мұхтар Әуезов көшесіндегі жасөспірімдер үшін қалалық Спорт басқармасының ұйымдастыруымен ойын-сауық алаңы мен танымдық алаңшалар ұйымдастырылды, – дейді ұйымдастырушылар.
Шараға қала колледждерінің студенттері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Жүгіруге қала тұрғындары да қосылды. 100-ден астам спортшы «Болашақты сақта! Қатыс!» деген ұранмен 1 шақырымды бағындырды.
Науқанға қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйі музыкалық сүйемелдеумен қолдау тапты. Шара жеңімпаздарды марапаттаумен және жарысқа қатысушыларды естелік ретінде жалпы суретке түсірумен аяқталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram