Екібастұз ауылдарының бірінде жаңа фельдшерлік пункт салынады
Құрылысты әкім тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бәйет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жұмыс кестесімен танысты.
– Ауылда 800-ден астам адам тұрады. Құрылыс «Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жұмысшылар ғимараттың іргетасын қазып қойған, – деді Аян Бейсекин Instagram парақшасында.
Мердігер нысанды бекітілген құрылыс-монтаждау кестесіне сәйкес аяқтауды жоспарлап отыр. Жақында Құрылысшы ауылында жаңа фельдшерлік пункт салынады.